Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күзде Түркіменстанға сапарлайды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.
"Мемлекет басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан президентінің биыл күзде Түркіменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады", - деп жазды ведомство.
Екі ел басшысы әңгіме барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ары қарай нығайтудың маңыздылығы туралы айтты.
Сердар Бердімұхамдоевтің әкесі Түркіменстан Халық мәслихатының төрағасы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов баласының алдында президент болғаны белгілі.Ұқсас жаңалықтар
Шетелдік БАҚ: "Блинкен Қазақ еліне еріккеннен келген жоқ, Украина соғысының көлеңкелі тұстарын көру үшін келді"
