2 шілде күні сағат 23:15-те Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі Өскемен қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 859 шақырым жерде орналасқан.
Бұл — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауылынан 70 шақырым қашықтықта.
Жерасты дүмпулерді Өскемен қаласының тұрғындары сезді.