Өскеменде жер сілкінісі тіркелді

2378
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
2 шілде күні сағат 23:15-те Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі Өскемен қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 859 шақырым жерде орналасқан. Бұл — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауылынан 70 шақырым қашықтықта. Жерасты дүмпулерді Өскемен қаласының тұрғындары сезді.  
评论