Билік тағы бір петиция талабын орындауға ілік таппады

1241
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Уақыт белдеуін бұрынғы режимге қайтару туралы петицияны талқылауда екі тарап ортақ шешімге келе алмады. Бұл туралы бүгін Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев жауапты мемлекеттік органның алдын ала шешімін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

2 сағаттан астам уақытқа созылған жиында екі тарап ортақ шешімге келе алмады.

Отырыстың төрағасы ретінде сөз алған Қайрат Балықбаев петиция талабына байланысты шешім жобасын жариялады. Дегенмен ол бұл айтылған шешім тек жоспар ғана екенін, нақты шешім еместігін ескертті.

«Мен алдын ала шешімді айтайын деп отырмын. Уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару туралы петиция өкілдерінің уәждерін талқылай келіп, ол талапты орындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдауға бекініп отырмыз. Мен бүгінгі жиынның төрағасы ретінде осы 1,5 ай ішінде сіздер атқарған бүкіл жұмыстың қорытындысы бойынша өтінім берушілер келтірген уәждердің ешбірін дәлелдейтін фактілер табылған жоқ. Уақыт белдеуінің өзгеруі азаматтардың денсаулығына да, электр қуатын тұтыну шығындарына да әсер еткен жоқ», — деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін  утилализациялық алымды алып тастау бойынша 50 мың қол жинаған петицияға қатысты қоғамдық тыңдау өтіп, билік петиция талабын орындаудан бас тартқан еді.

Еске салсақ, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтарымыз реформаларға бас­тамашы болып, ұсыныстар беру үшін онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институтын құру қажет. Мұндай құрылым қандай да бір бұрмалау әрекеттерінен толық қорғалуға тиіс», делінген болатын.

Пікірлер