Ақмолалық оқушыларға «Мектепке жол» акциясының бірінші күні 1000-нан астам сөмке үлестірілді

1102
Adyrna.kz Telegram

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы басталды. Науқан 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Бұл қайырымдылық іс–шара аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Егер отбасы аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке барып, растайтын құжаттарды ұсынуы керек.

Ақмола облысы білім басқармасының қызметкерлері үлгі көрсетіп Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының оқушысына «Мектепке жол» акциясы бойынша материалдық-қаржылық көмек көрсетті. Оқушы қыз мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 43500 теңге алды.

Акцияның бірінші күні Ақмола облысының ұйымдары жалпы сомасы 12,0 млн. теңгеге 1196 рюкзактар таратқан болатын.

«Бүгінге облыс бойынша материалдық көмек алғандардың жалпы саны 250,8 млн. теңге сомасына 4898 баланы құрайды. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 250,8 млн. теңге сомаға 4897 оқушы, 43,5 мың теңге сомаға 1 оқушының бюджеттен тыс қаражаты есебінен», - деп облыстық білім басқармасы бөлімінің бас маманы Бақытжан Түткабаева айтып берді.

Пікірлер