Ақпарат мессенджерлері арқылы Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың белгісіз біреумен сөйлескен жалған хабарламалары тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ведомство бұл туралы Telegram-дағы ресми арнада жазды.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуді сұрайды.
”Мессенджерлерде ҚР Қорғаныс министрінің атынан жалған мәліметтерді қамтитын ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратты интернет-алаяқтар жіберетінін ескертеміз. Азаматтардан жалған ақпарат көздеріне сенбеуді сұраймыз” делінген хабарламада.