Қазнетте көзі қызарған қызды Air Astana қызметкерлері ұшаққа кіргізбеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
TikTok-та "к_набиева" есімді қолданушы видео жариялап, рейске кіре алмағанын мәлімдеді. Онда жолаушы белгісіз себептермен рейске кіре алмаған.
Air Astana әуекомпаниясы 26 шілдедегі КС969 рейсінің жолаушысын "Алматы-Шымкент" бағыты бойынша тасымалдаудан бас тартқанын растады. Себебі оның алкогольдік мас болу салдарынан жүріс-тұрысы әуекомпания қызметкерлерін алаңдатқанын хабарлады.
"Мұндай мiнез-құлық ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн. Аталған факті бойынша желілік полоция бөлімінің қызметкерлері қажетті актілерді ресімдеу үшін шақырылды. Кейіннен сараптама барысында қандағы алкогольдің болуы расталды".
Ұқсас жаңалықтар
Орталық Азиядағы көшбасшы: Қазақстаннан тартылған тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі шамамен 151 миллиард долларды құрады
