Air Astana көзі қызарған жолаушыны бортқа кіргізбеген

2574
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/f012c94a-4868-4cca-84fd-a6b3c0b36e8b-960x500.jpeg?token=49e6026e6b5914a9048648cfb8af33d8
Қазнетте көзі қызарған қызды Air Astana қызметкерлері ұшаққа кіргізбеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
TikTok-та "к_набиева" есімді қолданушы видео жариялап, рейске кіре алмағанын мәлімдеді. Онда жолаушы белгісіз себептермен рейске кіре алмаған. Air Astana әуекомпаниясы 26 шілдедегі КС969 рейсінің жолаушысын "Алматы-Шымкент" бағыты бойынша тасымалдаудан бас тартқанын растады. Себебі оның алкогольдік мас болу салдарынан жүріс-тұрысы әуекомпания қызметкерлерін алаңдатқанын хабарлады.
"Мұндай мiнез-құлық ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн. Аталған факті бойынша желілік полоция бөлімінің қызметкерлері қажетті актілерді ресімдеу үшін шақырылды. Кейіннен сараптама барысында қандағы алкогольдің болуы расталды".
Comments