Желіде астаналық азаматтың аяусыз соққыға жығылған бейнесі тарады

1450
Adyrna.kz Telegram

Желіде Астанадағы мектептердің бірінің маңында ер адамды аяусыз ұрып-соғып жатқан адамдардың видеосы тарады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кадрда екі ер адамның төбелесіп жатқанын, сосын оларға үшінші адамның келіп қосылып, жабыла ұрып-соғуын жалғастырып жатқанын көруге болады. Кейін төбелеске тағы бір адам қосылады. Төбелеске екі әйел мен бір баланың қарап тұрғанын байқауға болады.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысушылардың анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлады. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер