“Өз мойныма аламын”. АҚШ құпия қызмет басшысы Трампқа жасалған қастандықтан соң қызметтен кетті

1563
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Құпия қызметінің директоры Кимберли Читл конгрестегі тыңдауда Дональд Трампқа жасалған шабуылды соңғы онжылдықтағы ең үлкен сәтсіздік деп атап, жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  BBC-ге сілтеп.

“Құпия қызметтің қасиетті миссиясы - ұлтымыздың көшбасшыларын қорғау. 13 шілдеде біз бұл тапсырманы орындай алмадық. АҚШ Құпия қызметінің директоры ретінде мен кез келген қауіпсіздіктің бұзылғаны үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Қателік кеткені анық және бұл енді қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз” деді ол Палатаның бақылау комитетіндегі шиеленісті тыңдау кезінде.

Осыдан кейін артынша оның өз еркімен қызметтен кеткені жарияланды.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында сайлауалды науқан кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалған болатын. 20 жастағы Томас Мэтью Крукс Трамп сөйлей бастағаннан бірнеше минуттан соң автоматтан оқ жаудырды.

Тыңдауды ашқан Қадағалау комитетінің төрағасы республикалық Джеймс Комер оқиғаның алдын алуға болатынын айтты.

Пікірлер