Алматыда аурухана маңынан әйелдің денесі табылды. Полиция тергеу жүргізуде

1164
Adyrna.kz Telegram

Алматылық полицейлер емхана маңынан табылған мәйіт ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы No1 қалалық клиникалық аурухананың маңында киімсіз жатқан әйелдің денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Полиция зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілердің жоқ екенін, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Басқа мән-жайлар анықталуда.

Пікірлер