Алматыда аурухана маңынан әйелдің денесі табылды. Полиция тергеу жүргізуде

1588
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_6085.png
Алматылық полицейлер емхана маңынан табылған мәйіт ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Әлеуметтік желіде Алматыдағы No1 қалалық клиникалық аурухананың маңында киімсіз жатқан әйелдің денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілердің жоқ екенін, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталуда.
Comments