Оқу-ағарту министрлігі ҰБТ сертификаттарын қолдан жасағандардың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Биыл елімізде жалған ҰБТ сертификаттарын ұсыну бойынша 10-нан астам дерек тіркелген.
"ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат болып табылады және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мысалы, мына сертификатта QR-код ашылмайды, сондай-ақ сандар әр түрлі шрифтпен, әр түрлі көлемде жазылған", - дейді министрлік өкілдері.