Бірінің денесі әлі іздестірілуде. Атырауда екі жасөспірім суға батып, көз жұмды

1541
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Атырау облысында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Кәмелетке толмаған балалардың бірінің денесі 4,5 метр тереңдіктен табылды. Екіншісін іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Атырау облысының Көкарна ауылында 20 шілде күні 2010 және 2011 жылы туған екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен.

Құтқарушылар сол күні-ақ сағат 19:30-да 4,5 метр тереңдіктен 14 жастағы жасөспірімнің денесін су бетіне шығарды. Екінші баланың денесін іздестіру жұмыстарына ТЖД 15 жеке құрам, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Одан бөлек, ТЖД азаматтардың қауіпсіздігі үшін биыл Атырау облысында суға түсу маусымы ресми түрде ашылмағанын мәлімдеді.

Пікірлер