Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазақстандық азаматтар үшін ел аумағында болу ережелеріндегі негізгі өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ведомство мәліметінше, жаңа тәртіп 1 қыркүйектен бастап күшіне енген.
Енді қазақстандықтар Қырғызстанда әрбір 180 күн ішінде ең көбі 90 күн ғана бола алады. Бұл мерзім елге алғаш рет кірген күннен бастап есептеледі. Ал алғашқы 30 күнде тіркеу талап етілмейді.
30 күннен асқан жағдайда азамат сол елдің тіркеу міндетті.
Тіркеусіз немесе белгіленген мерзімнен тыс 90 күннен артық болған жағдайда, азаматтың Қырғызстанға келесі кіруі 90 күнге дейін шектелуі мүмкін.
Ведомство қазақстандықтарға сапар алдында жаңа талаптармен алдын ала танысып шығуға кеңес берді.
Ұқсас жаңалықтар