Сәтқалиев автогазды айналымнан алу жөнінде айтты

2040
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев автогазды айналымнан алып тастау жөнінде айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министр газ бағасы жыл сайын көтеріліп отыратыны туралы мәлімдеме жасаған болатын. Ол газ бағасы инфляция дәлізіне байланысты болатынын айтты.

Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, сұйытылған мұнай газын (ТМД елдерінде) сату тоқтатылса, Қазақстандағы көлік жүргізушілеріні бензин мен дизельдік отынды қолдана алады.

«Стратегиялық жоспарлау аясында біз сұйытылған мұнай газын мұнай-химия өнімдерінің шикізаты ретінде пайдалану туралы айтып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл полипропилен өндіру жобасы, қазірдің өзінде соңғы кезеңде, полиэтилен өндіру жобасы, бутадиен және басқа да фракцияларды өндіруге қатысты жобалар, келесі кезеңдерді қамтамасыз ететін көптеген жұмыс орындарын жасайды. Біздің жоспарлауымызда барлық сұйытылған мұнай газы, ең алдымен, мұнай-химия мақсаттары үшін пайдаланылуы керек. Көлік жүргізушілері жанармайсыз қалмайды, оларда әрқашан не дизель, не бензинмен жүруге балама болады», - деді Сәтқалиев 18 шілде күні.

Оның айтуынша, мұнай-химия өнімдерінің шикізаты ретінде 360 миллион тоннаға жуық сұйытылған газды сатудан шығару жоспарлануда.

Пікірлер