Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен жіберілген кодтары бар хабарламаларды үшінші тұлғаларға жібермеу туралы ескерту жасалды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
eGov.kz хабарлағандай, шабуылдаушылар хабарламадағы кодты пайдаланып, цифрлық деректерге қол жеткізе алады.
«ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беру арқылы сіз оларға заңды қолтаңба мүмкіндігін іс жүзінде бересіз және оның салдары үшін жауапты боласыз», - деп ескертілді қазақстандықтарға.
Деректерді қалай қорғауға болады:
- 1414 кодын үшінші тұлғаларға көрсетпеңіз;
- ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- егер қызметкерлерде ЭЦҚ кілті болса, онда жұмыстан шығарылғаннан кейін ЭЦҚ-ны қайтаруды қадағалау қажет;
- ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ берілуі қажет;
- егер ЭЦҚ кілттері бар флэшканы жоғалтып алсаңыз, жоғалған ЭЦҚ кілттерін қайтарып алуыңыз керек;
- Халыққа қызмет көрсету орталығында ЭЦҚ кілттерін алу кезінде парольді өзгертуді ұмытпаңыз;
- Бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілттерін ақылы түрде ашып беру қызметін қолданбаңыз.