Бүгін, 16 шілдеде Қаржылық мониторинг агенттігінде бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Отырыста 19,2 млрд теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны айтылды.
«Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды»,—деп толықтырды агенттіктің баспасөз қызметі.