Антикор бұрынғы қызметкеріне халықаралық іздеу жариялады

1437
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Антикор
Сурет: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзінің бұрынғы қызметкері Дәуренбек Қожабаевқа халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Антикор ер адамның пара алу фактісі бойынша халықаралық іздеуде жүргенін мәлімдеді.

«Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, Агенттікке келесі телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33 хабарлау қажет»,—деп жазды агенттіктің баспасөз қызметі 16 шілдеде.

Айта кетейік, іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі.

Пікірлер