Бүгін, 15 шілде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді.
Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр.
Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Этнос арасындағы келісімді дамытуға сіңірген еңбегі үшін. Тоқаев бірқатар қазақстандықты марапаттады
"Халқымыздың асыл қасиеттері қиын-қыстау кезде айқын көрінді". Президент Алғыс айту күнімен құттықтады
