Еліміздің 4 өңірінде діни радикалдар ұсталды (ВИДЕО)

1628
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ҰҚК
Сурет: ҰҚК

Еліміздің 4 өңірінде діни радикалдар ұсталды. Олар Астана, Шымкент қалалары мен Атырау, Жамбыл облыстарында әрекет еткен. Бұл туралы бүгін, 12 шілдеде ҰҚК баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«4 қазақстандық пен 1 шетелдік террористік әрекеттерге қатысуға,  экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға деген күдікпен ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиет пен өзге де заттай дәлелдемелер алынды»,—делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған.

Тағы екеуіне қатысты «ауыр» есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексерілуде.

Пікірлер