Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы табылды

1127
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҰҚК баспасөз қызмету
Фото: ҰҚК баспасөз қызмету

Шілде айында Астана және Алматы қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсідік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметке сәйкес, аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

“Осы қылмысты жасады деген күдікпен 8 қазақстандық ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту кезінде олардан 93 келіден аса синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 келі прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды,- делінген ҰҚК хабарламасында

«Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Пікірлер