"Көңіл сыйса..." Бір бөлмелі пәтерге мыңға жуық адамды тіркеген астаналық сотталды

1119
Adyrna.kz Telegram

Елордада «резеңке» пәтердің иесі сотталды. Жалпы ауданы 35,7 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі пәтерге 937 адам тіркеуге тұрған, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Жағдайға байланысты "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" (ҚК 394-бабының 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталушының заңсыз көші-қонды ұйымдастырудағы кінәсін тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы дәлелдеді. Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енді», - деді қадағалау органы.

Осы баптың санкциясы бойынша 2000 АЕК (2024 жылы 7 384 000 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді; алты жүз сағатқа дейін мүлкін тәркілей отырып қоғамдық жұмыстарға тарту; немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Пікірлер