Қазіргі заманымыздағы өркениет жетістігі – ғылым мен білімнің даму нәтижелеріне байланысты. Елімізде ғылым өркениетінің көшінен бірлесіп дамып келе жатқан сала - Ғылым саласына соңғы жылдары баса назар аударылуда. Президенттің қолдауымен елімізде соңғы жылдары ғылыми жаңалықтар тарапына көп көңіл бөлініп келеді. Сәйкесінше, ғылым саласында соңғы жылдары бірқатар өзгерсітер орын алды. Атап айтар болсақ, ғалымдардың жалақысы, ғылым саласындағы жастарға қолдау шаралары, отандық өндірістік жетістіктерді дамытуға бөлінетін қаржы көлемі де жоғарылады. Қазіргі таңда отандық ғылым саласында қандай жаңашылдықтар бар? Соңғы бес жылда елімізде ғылыми өзгерістер қаншалықты қарқынмен дамыды?
1991 жылдардың соңында Қазақстанда ғылыми тұрғыдағы жұмыстардың біршамасы төмендеуі соңғы 10 шақты жылдағы қазақстандық ғылым нəтижелерге жетуіне кедергі болмады, отіпті олардың кейбірі əлемдік деңгейдегі маңызға ие. 1991 жыл мен 2010 жылға дейінгі зерттеу бойынша 900-ге жуық патент шығарылды. Одан өзге, 140 жаңа техникалық жабдықтар, 200ге жуық ауыл шаруашылығында қолдануға арналған сорттар түрі, 14 ауыл шарушылығындағы жануарлар түрлері, дәнді дақылдардың отыз алты тұқымы өндіріске шығарылды. Сол уақыттағы статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстандағы ғылыми зерттеушілер саны мыңнан асып, ал ғылыми ұйымдар саны 300-ден жоғары болған.
Отандық ғылым саласының дамуына тоқталар болсақ, Қазақстандағы ғылыми дамудың ошағы – еліміздегі жоғары оқу орындарындарындағы ғылыми-зерттеу институттары. Елімізде ғылыми зерттеулермен айналысатын 396 ұйым жұмыс атқаруда. ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің басқаруымен Қазақстандағы ғылымның алдыға жылжуына үлкен үлес қосылып келеді. ҚР Ғылым қорының жетекшілігімен 2016 жылдан бері ғылыми жұмыстардың нәтижелері коммерциялық тұрғыдан қолдау тапқан 151 жоба қаржыландырылды. Бүгінгі таңда елімізде 120-ден астам жоба сату деңгейіне шықты. Ғылым саласында қазіргі таңда 22 665 ғалым мен зерттеуші жұмыс жасауда, олардың 35%-ы ғылыми немесе академиялық дәрежеге ие деп көрсетілген. Сонымен бірге, ғылымға қызығушы жастар қатары да артып келеді, жыл сайын жоғары оқу орындарында білімдерін тереңдетуді көздейтін магистратура және докторантура деңгейлеріне оқуға тапсырушы абитуренттердің сұранысынан байқауға болады. Соңғы екі жылда ғылыммен айналысуға бет бұрған жастар үшін жоғары шәкіртақы да тағайындалып, гранттар көптеп бөлінуде. Мысалы, Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің тағайындауымен магистранттарға – 97 024 теңге; «Назарбаев университетінде» білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге берілуде.
Соңғы жылдарда еліміз ғылымның көптеген саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Солардың бірі, 2020 жылы ғылымға республика бюджетінен 89 миллиард теңге инвестиция берілсе, 2023 жылы 158 миллиард теңге тартылды. «Бүгінгі таңда ғалымдардың жалақысы 257 мың теңгені, ең көбі 1,5 млн теңгені құрайды. Біз ғылымды қаржыландыруды 3,5 есе арттырдық. Егер 2022 жылы 58 млрд теңге бөлінсе, биылғы жылы - 158,6 млрд теңге, 2024 жылы - 244 млрд теңге бөлінді, ал 2025 жылы - 240 млрд теңге бөліну көзделуде. Шамамен 800 млрд теңге ғылымды қаржыландыруға тиіс бюджет ретінде қарастырылуда. Жоспар бойынша жоғары деңгейге шығу үшін күресетін боламыз», - деді, Ғылым және жоғары білім министрі, Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, ғылыми бастамалардың 30%-ы коммерциялық қаржыландырылған. Осы ақпараттарға сүйенсек, Қазақстан ғылымның өсуіне баса назар аударғанын біле аламыз. Алайда, еліміз ғылыми жетістіктер мұнымен бітпейді. Қазіргі таңдағы Қазақстанның ғылыми хәлі қандай деңгейде? Қазақстанның ғылымдағы жұлдызды сәттеріне шолу жасайық.
Қазақстан ғарыштық зымырандарды ұшыруға арналған алаң ретінде әйгілі. Тарихы тереңге бой алған Байқоңыр ғарыш айлағы біршама ғарыштық экспедициялардың зерттеу нүктесі. 2019 жылы мұнда Қазақстанның тұңғыш ғарыш аппараты KazSat-1 сәтті ұшырылып, Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің жаңа дәуіріне жол ашты. Сонымен бірге, Қазақстанда баламалы энергия көздерінің ашық ресурстарды инвестициялауда. «Жасыл экономика» стратегиялық бағдарламасы экологиялық тұрақты дамуды насихаттауға арналған.
Ғылыми ілгерілеу Қазақстандағы ғылым жетістіктері елдің технологиялық дамуы мен инновацияға деген ұмтылысынан хабар береді. Ғарыш саласы бойынша зерттеулер, энергетика, медицина, білім беру және ақпараттық технологиялар саласындағы көптеген жобалар Қазақстан қазіргі заманда әлемдік ғылыми қауымдастыққа өзіндік үлесін қосуға дайын екендігін аңғартады.