"Тек қазақтар емес". Әнші Индира Расылхан орамалға қатысты пікір білдірді

2884
Adyrna.kz Telegram
Фото: Caravan.kz
Фото: Caravan.kz

Әнші Индира Расылхан Instagram желісінде хиджабқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Өнер иесі желідегі парақшасында бұрындары тек қазақтар емес, басқа ұлт өкілдері де жабық киініп, оранғанын алға тартты. Әнші өз сөзіне дәлел ретінде түрлі фотосуреттерді де жариялады.

"Неше түрлі пікір оқып жүрмін, оқи беремін де. Біздің әжелеріміз жабынған деп көп айтасыздар ғой, тек біздің қазақ әйелдеріміз емес, басқа ұлт өкілдерінің әйелдері де осылай жабынған", - деді ол.

Желі оқырмандары әншінің бұл пікіріне түрлі ой білдірді.

Пікірлер