Грузияда өткен әлем чемпионатында қазақстандық үш жас шахматшы әлем кубогын жеңді

1827
Adyrna.kz Telegram

Жасөспірімдер арасындағы шахматтан үш қазақстандық жас шахматшы әлем кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Грузияның Батуми қаласында 8 бен 12 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем кубогы қазақстандықтар үшін жеңіспен аяқталды. Үш жас шахматшымыз бірден бірінші орындарға ие болды: бұл алматылықтар Ризат Ұлан, Нұрәлі Болашақов және Милана Филиппова», - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар кубокқа Алматыда өткен Азия чемпионатынан кейін бірден жол тартты. Федерация бұл шахмат тарихындағы 8-12 жас аралығындағы ФИДЕ әлем чемпионаты екенін атап өтті. Турнирге барлығы 288 жас шахматшы жиналды, оның ішінде 20-сы қазақстандық.

Пікірлер