1 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

1492
Adyrna.kz Telegram

Қазгидромет 1 шілде, дүйсенбі күнге арналған болжамды жариялады. Синоптиктердің болжауынша, бұл күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Болжамға сәйкес, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы режимін сақтайтыны айтылды.

«Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжамы күтіледі», - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман күтіледі.

Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Ақмоланың батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында, Ұлытау облысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Пікірлер