Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды

1721
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Апат салдарынан 4 адам көз жұмды.

"Мой город" басылымы жантүршігерлік жол апатының 22 маусым күні таңертең Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылының маңындағы Самара – Шымкент тас жолында болғаны туралы ақпарат таратты.

"Лада Приораның" 43 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Мазда" шетелдік көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы ауыр жарақаттар алды", - делінген хабарламада.

Пікірлер