Тараздағы жарылыс: әкімдік апат себебін айтты

1295
Adyrna.kz Telegram
Фото: @taraznews.kz Instagram арнасы
Фото: @taraznews.kz Instagram арнасы

Тараздағы аудандардың бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы @taraznews.kz Instagram арнасына сілтеме жасап.

Құтқарушылар оқиға орнына барды. Тараздағы 19-үйдің маңында, Қарасу шағынауданында газ жарылған.

"Куәгерлердің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша жер асты газ құбыры қатты жарылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі белгісіз", - делінген арна хабарламасында.

Қала әкімдігі жарылыстың себебін анықтады.

«22 маусымда сағат 21.41-де Тараз қаласы Қарасу ықшамауданындағы (5) 26-үйде асфальт жарылып, салдарынан жарық сөніп қалды. Тараз қаласының коммуналдық қызметтері оқиғаның себептерін анықтау жұмыстарын жүргізді. Оқиға орны газ анализаторымен тексеріліп, газ құбырының бұл жерден өтпегенін анықталды. Басқа инженерлік желілерді тексеру нәтижелері бойынша 22 маусым күні сағат 21.44-те «Рысбек» 110/6 кВ қосалқы станциясында 414 фидерінен шығатын №10 тарату пунктіне апаратын жерасты жоғары вольтты кабель тартылғаны анықталды», - деп хабарлады Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ал Жамбыл өндірістік филиалының мәліметінше ауада газ концентрациясы табылмаған.

«Газ шаруашылығы қызметінің мамандары оқиға орнын газ талдағышпен зерттеді, ауада газ концентрациясы табылған жоқ», - деп хабарлады компания.

Жарылыс салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Пікірлер