Екінші маусым. Бишімбаев сотының жалғасы тікелей эфирде болады

1126
Adyrna.kz Telegram

2024 жылдың 26 маусымында сағат 10:00-де Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциясы бойынша сот отырысы онлайн форматта, ашық өтеді. Бұл туралы Жоғары сот мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады», - деп хабарлады Жоғарғы сот.

2024 жылғы 10 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана қалалық сотына келіп түсті. Сот отырысы Астана қалалық сотының ғимаратында Астана қаласы, Әлиев көшесі, 6, В блогы мекенжайында өтеді.

Еске салайық, әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтірді деген айыппен экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.

Пікірлер