Армияда қылмысқа орын жоқ

2974
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Саурық Рауан Бектұрсынұлы "Армияда қылмысқа орын жоқ" жоспарының талаптарын орындау мақсатында Алматы қаласындағы жоғары әскери оқу орындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда :Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтына түсуге ниет білдірген кандидаттармен және олардың ата-аналырымен жүздесіп, құжат тапсыруда қандай да бір кедергілердің бар-жоқтығын сұрады.

Сонымен бірге, ол әскери оқу орнының қабылдау комиссиясы құрамына ҚР "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " заңының талаптарын жеткізді. Жоғары әскери оқу орындарына абитуриент қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық оқиғаларын болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер