Тәжікстан «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салу заңын қабылдады

1680
Adyrna.kz Telegram
Фото: your.tj
Фото: your.tj

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ховар ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ол елде «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынатынын мәлімдеді.

Сқпаратқа сәйкес, Эмомали Рахмон 35 заңға қол қойды, оның ішінде «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы», «Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жауапкершілік туралы», «Тәжік ұлттық университеті туралы», «Тәжікстан ұлттық университеті туралы», «Есептеу көрсеткіштері туралы» заңдар және т.б. бар.

«Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңда басқалармен қатар «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге және сатуға тыйым салынады. Заңды орындамағаны үшін айыппұл қарастырылған. Бұл ретте киімнің қай түрі «ұлттық мәдениетке жат» деп саналатыны нақты көрсетілмеген.

Ховар мәліметінше, жаңа редакциядағы заңдар ұлттық мәдениеттің шынайы құндылықтарын қорғауға, мерекелер мен салт-дәстүрлерді өткізу кезінде ырымшылдық пен наным-сенімге, ысырапшылдыққа жол бермеуге, Тәжікстан халқының рухани және әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге, сондай-ақ баланың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, баланы адамгершілік, патриоттық мақтаныш, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу рухында оқыту және тәрбиелеуге бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстан хиджаб киюге тыйым салғалы жатқанын хабарлаған едік. 

Заңға сәйкес, қазір Тәжікстанда мұндай киімді елге әкелуге, оны сатуға және қоғамдық орындарда киюге ресми түрде тыйым салынған - бұл айыппұлға әкеп соғады. Бұл тыйымды бұзған тұлғаларға 7920 сомони немесе қазіргі бағам бойынша 733 доллар айыппұл салынуы мүмкін, ал шенеуніктерге 39600 сомони немесе 3668 доллар көлемінде айыппұл салынады.

Пікірлер