Германияда өлі табылған экс-судьяның ісі бойынша бірде-бір күдікті табылмағаны айтылды

740
Adyrna.kz Telegram
Фото: Гүлмира Әбіқай парақшасынан
Фото: Гүлмира Әбіқай парақшасынан

Германияда өлтірілген қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылды. Бұл туралы Bild басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз төбелес болды деп болжап отырмыз. Әйелге шабуыл жасалды және ол өзін-өзі қорғаған болуы керек», - деді тергеуші БАҚ-қа берген сұқбатында.

Прокуратура BILD сауалына берген жауабында бұл іс бойынша бірде-бір күдікті жоқ екенін айтқан.

Марқұмның қызы қазір әкесінің қасында екені анықталды. Оның 35 жастағы ағасы Қанат Сайлыбаев Германияға Қазақстаннан келген. Ер адам әпкесін Қазақстанда жерлегісі келетінін айтты.

«Әдетте бес минут ішінде хабарламаларға жауап берді. Ата-анамыз Айгүлмен күн сайын хабарласып тұрды, соңғы рет 3 маусымда телефонмен сөйлесті. 5 маусымда біз полицияға хабарладық. Ол өте ашық, жауапты адам болатын. Қызын  бәрінен қатты жақсы көретін аяулы ана болған.

Айгүлдің өліміне кінәлі адам әділ жаза аларына және әділдік орнайтынына сенемін, - деді марқұмның ағасы.

Еске салайық, 17 маусымда Германияда із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық әйел өлі күйінде табылған болатын.

Пікірлер