Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар міндет жүктеді

1688
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады. Бұл туралы бүгін, 20 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президентке Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ министрліктің штаттық құрылымын оңтайландыру және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы баяндалды.

Шыңғыс Әрінов Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында хабарлады. Айтуынша, 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елордада тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана салу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған. Бұдан бөлек, министрлік әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖМ құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер