Депутат қайын атасының арқасында министр болмағаны айтылды

833
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Министрдің қызметке тағайындалуына қатысты пікірлер пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевке 19 маусым күні Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің тарапынан сұрақтар қойылды.

«Бізде министрлердің кандидатурасын Мәжіліс бекітеді. Сіздің қайын атаңыз сіздің кандидатураңызға дауыс берген депутаттардың тізімінде болды ма?» — деп сұрады журналист.

Министр қайын атасы Дүйсенбай Тұрғановтың Мәдиев кандидатурасын дауысқа салған комитеттің мүшесі емес екенін айтты.

«Бұл комитетте ол болған жоқ», — деді Жаслан Мәдиев.

Пікірлер