"Ақталдым" деген блогер сот залында қамауға алынды

1510
Adyrna.kz Telegram

Астанада Думан Ерқанатқа «қыз зорлады» деген айып тағылған болатын. Сот блогердің ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаржы сауатын үйрететін танымал трейдер Думан Ерқанат 2023 жылдың 13 қыркүйегінде қыз зорлады деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ айыпталушы сот шешіммен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданған. Оның шағымы жоғарғы сотқа жетіп, үкім өзгеріссіз қалған.

“ҚР Жоғары сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаулы енгізеді. Думан Ерқанатқа қатысты Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 23 қаңтардағы ақтау үкімінің күші жойылсын. Думан Ерқанатқа қатысты Алматы қаласы Бостандық ауданының нөмірі 2-ші аудандық сотының 2023 жылдың 13 қыркүйегіндегі айыптау үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Думан Ерқанат дереу сот залынан күзетпен ұстауға алынсын. Жазаны өтеу мерзімі күзетпен ұсталған күннен бастап, 2024 жылдың 18 маусымынан бастап есептелсін", – деді Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметтуллинаның мәліметінде.

Айта кетейік, блогер "зорландым" деп айыпталған қыздың ақша талап еткенін де жазған болатын.

Пікірлер