Петропавлда суға батқан бала іздестіріліп жатыр

1230
Adyrna.kz Telegram
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Петропавлда 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол достарымен Есіл өзеніне суға түсуге барған. ТЖД мәліметінше, бала 14 маусым күні сағат 15:00 шамасында Есіл өзенінің Зайсан шағын ауданы маңында суға батып кеткен.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі іздеуге жеке құрамнан 13 адам – сүңгуірлер және 5 арнайы техника тартылғанын мәлімдеді.

"Есіл өзенінде іздестіріп жатырмыз. Волонтерлер де, полиция да осы жерде. Әзірше нәтиже жоқ", - делінген хабарламада.

Пікірлер