"Qarmet"-тегі өлім: Жас жігіт суға батып кетті

1525
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
Теміртау қаласында жас жігіт каналға батып, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 15 маусым күні сағат 14:40-та болғаны анықталды. Облыстық ТЖД мәліметінше 20 жастағы жігіт "Qarmet" компаниясына қарасты техникалық каналға батып кеткен.
"Құтқарушылар іздеу жұмыстары кезінде сағат 14:50-де судан батып кеткен адамның денесін алып шықты", - дейді департамент мамандары.
Қайтыс болған жігіт рұқсат етілмеген жерде суға түскені анықталған.
Пікірлер