Қазақстан парламентінде қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қаралуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Мәжілісменнің айтуынша, қоғамда діни киім киюге тыйым салу мәселесі өзекті болып отыр.
«Енді біз үшін ең маңызды мәселе – еліміздің ұлттық мүддесін, ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық мәдениетті сақтау, ал қазіргі жағдайды қарасаңыз, бұл жағдай біздің болашағымызға үлкен зиянын тигізеді», - деді мәжілісмен.
Депутаттың айтуынша, тиісті заң жобасы алдағы сессияда Парламентке енгізілетін болады.
«Сондықтан біз, бір топ депутаттар, Парламенттің күзгі сессиясында осындай заң жобасын дайындадық, ол қабылданғаннан кейін қоғамдағы хиджаб, никаб және басқа да діни киімдер мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Сонда біз діни киім мәселесін қалай да реттейтін шығармыз», - деп түйіндеді ол.