Өзбекстан халқына тіл тигізген шетелдіктер елге кіргізілмеуі мүмкін

1320
Adyrna.kz Telegram

Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының бір топ депутаты өзбек халқына тіл тигізген шетел азаматтарының елге кіруіне тыйым салатын заң жобасын әзірледі. Бұл туралы парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Депутаттар «Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Өзбекстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігін айтты.

«Заң жобасы Өзбекстанның мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін нығайтуға, елдегі мемлекетаралық, ұлтаралық, конфессияаралық келісімді қорғауға және Өзбекстан халқының ар-намысы, қадір-қасиеті мен тарихына құрметпен қарауды қамтамасыз етуге бағытталған», - деді олар.

Билікке ел мен ұлтты қорлаған шетелдіктер үшін республикаға кіруге, онда банктік шоттар ашуға, жылжымайтын мүлік сатып алуға, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге қатысуға, қаржылық және шарттық қатынастарға түсуге бесжылдық тыйым салу ұсынылды.

Еске салайық, 2021 жылы Өзбекстанда президент тарапына қорлау немесе жала жабу дерегіне қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұған дейін мемлекет басшысын «балағаттады» деген 10 адамның сотталғанын жазған едік.

Пікірлер