Шығыста екі тұрғын интернетте "билікті басып алуды насихаттағаны" үшін сотталды

1620
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Шығыс Қазақстанда екі тұрғын билікті басып алу және сепаратистік әрекеттерді насихаттағаны үшін 5 жылға сотталған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz тілшісіне сілтеп.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталған.

"Тергеу барысында аталмыш тұлғалар 2024 жылдың ақпанында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажет екені туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды.

Референдумда оң нәтижеге қолжеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттаған. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді", - делінген пррокуратура хабарламасында.

Пікірлер