Тимур мен Динара Құлыбаевтар Алтын банкті сатып алды

4267
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен күйеубаласы, миллиардер Тимур Құлыбаев Алтын банкті сатып алды. Бұл ақпаратты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы 7 маусымда бірқатар қаулы қабылдаған.

Оның бірі Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру жөнінде, ал екіншісі Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаеваның «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуіне келісім береді.

Үшінші қаулыда «АЛМЭКС» холдингтік тобы» акционерлік қоғамына «Altyn Bank» (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін иеленуіне келісім берілетіні көрсетілген.

Осылайша Тимур және Динара Құлыбаевтар «Altyn Bank» акционерлік қоғамын сатып алды.

Пікірлер