Антикор экс-министрдің ісіне қатысты пікір білдірді

873
Adyrna.kz Telegram
Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден

Антикор экс-министр Бағдат Мусинге қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Экс-министр Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық істің қозғалуын Антикор теріске шығарды.

"Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлына қатысты қылмыстық іс жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін 2020 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін басқарды.

Президенттің үкімімен ол 30 сәуірде қызметінен босатылды.

Пікірлер