Мас жолаушы полицейлерге шабуыл жасады

1351
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Оралда мас жүргізуші мен жолаушы полицейлерге шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы polisіa.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 8 маусым күні таңертең болған. Патрульдік полиция тоқтатқан Lexus автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы мас күйінде болған. Жүргізушіні медициналық мекемеге жеткізбек болған тәртіп сақшыларына көліктегі жолаушы кедергі келтіріп, бағынбаған.

Сараптама нәтижесі бойынша Lexus жүргізушісі орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер