Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова Венгрияда әйелдер күресінен өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды

1104
Adyrna.kz Telegram

Венгрияда әйелдер күресінен өткен турнирде қазақстандық Жәмилә Бақбергенова алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпаратына (ҰОК) сілтеп.

«Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова Будапештте (Венгрия) әйелдер күресінен өткен ірі турнирде жеңіске жетті. 72 келіге дейінгі салмақта оған тең келер ешкім болмады. Финалда ол Ноеми Сабадостан (Венгрия) басым түсті», - делінген сенбі күні хабарда.

Дәл осы категорияда Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге қол жеткізді.

Диана Каюмова (59 келіге дейін) екінші орын алды.

Пікірлер