Су тасқынынан қырылған мал шығыны 100% өтелді - вице-министр

1078
Adyrna.kz Telegram
Фото: mail.kz
Фото: mail.kz

Елімізде су тасқыны кезінде қырылған мал шығындары толықтай өтелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2024 жылғы 7 сәуірде республикалық штабта суға кеткен мал шығындарын өтеудің алгоритмі бекітілген.

Аталған алгоритм мен қағидаттарға шығынды бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеу көзделген.

«Су тасқыны кезінде 140 мыңға жуық мал қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша республикада 12 450 мал қырылған, барлық өлексе жойылды, залал 100%  өтелді», - дейді ол.

Пікірлер