Жергілікті полицейдің шетелдіктен пара алған сәті желіге тарап кетті

1437
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда полиция қызметкерінің пара алып жатқан сәті бейнеге түсіп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тәртіп сақшысының заңсыз әрекеті түсірілген видео желіге тарап кетті.

Ол шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алған. Антикор желідегі видеоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

“2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы жарияланған. Онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді”, – делінген хабарламада.

Пікірлер