Бозбаланы соққыға жығып, видеоға түсірген түлектер бейнеүндеу жариялады

5407
Adyrna.kz Telegram

Алматыда бозбаланы ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған түлектер бейнеүндеу жариялап, жәбірленушіден кешірім сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Марат, сенен және сенің отбасыңнан шынайы кешірім сұраймыз. Енді бұндай қайталанбайды»,– делінген жасөспірімдердің видеоүндеуінде. 

Еске салайық, 25 мамырда Алматыда кәмелетке толмаған екі оқушы қыз жасөспірім жігітті сабап, оның видеосын желіге жариялаған еді. 26 мамырда қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

 

<

Пікірлер