Алматыда бозбаланы ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған түлектер полицияға жеткізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мән-жайлар анықталуда», - деп жауап берді Алматы полиция
департаментінің баспасөз қызметі.
Видеода екі қыздың бозбаланы кезек-кезек ұрып-соғып, тепкілеп, сол әрекеттерін камераға түсіріп алғаны көрсетілген. Видео қыздардың бірінің TikTok аккаунтында жарияланған.
Новости по теме
Посмотреть эту публикацию в Instagram