Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қолғабы мен теннисші Елена Рыбакинаның теннис добы Алматы қаласында аукционға қойылады. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Аукцион Алматы қаласында 1 маусым күні өтеді. Онда Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғабы сатылады. Бұл қолғапты отандасымыз Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шыққанда киген.
Сондай-ақ теннисші Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған теннис добы мен арнайы спорттық формасы да аукционға шығарылады.
Аукционнан түскен ақша көмекке мұқтаж егіздердің еміне жұмсалады.